Қазақстан халықаралық шиеленіске алаңдаушылық білдірді: ядролық қауіпсіздік мәселесіне қатысты ресми мәлімдеме жасалды

АҚШ пен Иран арасындағы соңғы әскери қақтығыстардан кейін халықаралық ахуалдың күрт нашарлауына байланысты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ресми мәлімдеме жасады.

Министрлік таратқан ақпаратқа сәйкес, АҚШ-тың Иранға қарсы әскери әрекеттері жаһандық тұрақтылыққа тікелей қауіп төндіріп, Каспий аймағындағы елдердің қауіпсіздігіне айтарлықтай қатер әкеліп отыр. Қазақстан бұл жағдайды ерекше алаңдаушылықпен қабылдап, барлық даулы мәселелерді, соның ішінде ядролық саладағы келіспеушіліктерді де тек бейбіт жолмен, Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына сәйкес шешу қажет екенін баса айтты.

«Қазақстан – Каспий маңы елдерінің бірі ретінде Иранмен түрлі бағыттағы ынтымақтастығын жалғастырып келеді. Біз халықаралық келіссөздер мен өзара құрметке негізделген тетік арқылы ғана ұзақ мерзімді қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ете аламыз», – делінген мәлімдемеде.

Сондай-ақ Қазақстан тарапы барлық мүдделі мемлекеттерді ядролық қарудың таралуына жол бермеу, таратпау режимін сақтау және ядролық қарудан ада елдердің қауіпсіздігіне нақты кепілдік беретін жаңа келісім әзірлеуге шақырды.

Добавить комментарий