«ReStart» жобасы аясында әлеуметтік бейімделу және психологиялық қолдау шарасы өтеді

2025 жылғы 6 қазанда Астана қаласында жастардың әлеуметтік бейімделуі мен психологиялық тұрақтылығын арттыруға бағытталған «ReStart» әлеуметтік жобасы аясында бірқатар іс-шаралар өтеді.

Өтетін орны: Астана қаласы, Дүкенұлы көшесі, 23/1
Байланыс және тіркелу: +7 777 513 19 30

Іс-шараны «Қоғамдық ақпарат қоры» қоғамдық қоры ұйымдастырады.
Жоба Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының (АБҚО)
және Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің
қолдауымен, сондай-ақ ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті мен «Әкелер ісі» қорының серіктестігімен жүзеге асырылуда.

Жобаның мақсаты

«ReStart» жобасы – өмірлік қиын жағдайға тап болған немесе пробацияда тұрған азаматтардың қоғамға қайта бейімделуіне, өз-өзіне сенімін арттыруға, әлеуметтік және психологиялық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған бағдарлама.

Астанада өтетін іс-шараның негізгі міндеттері:

Ішкі тұрақтылық пен өз-өзіне сенімділікті қалыптастыру

Позитивті ойлау мен өзін-өзі реттеу дағдыларын дамыту

Құқықтық сауаттылықты арттыру

Деструктивті мінез-құлықтың алдын алу

Отбасылық құндылықтар мен әлеуметтік жауапкершілікті нығайту

Күн тәртібі мен бағдарлама
Психологиялық тренинг: «Ішкі күш – өзіңді ұстау және жаңа болашақ құру»

Тренер: Оразбаева Гүлнара Қақенқызы —
психология және педагогика магистрі, балалар қауіпсіздігі бойынша сертификатталған тренер,
«Образ» әлеуметтік форум-театрының жетекшісі.

Тақырыптар мен бағыттар:

Эмоцияларды басқару және өзін-өзі бақылау

Мазасыздық пен ішкі шиеленісті жеңу тәсілдері

Кінә, реніш және агрессия сезімдерімен жұмыс істеу

Өзін-өзі реттеу мен психологиялық қалпына келу әдістері

Ішкі ресурстарды табу және өзіне тірек болу дағдылары

Арт-терапия және шығармашылық арқылы теңгерімге келу

Нәтиже: Қатысушылар өз эмоцияларын түсінуді, тұрақтылықты сақтауды және өмірлік қиын жағдайларда сабырмен әрекет етуді үйренеді.

«Өзгерістер желі» акциясы – сенім мен қайта туу тарихтары

Шара барысында «ReStart» жобасының тәлімгерлері өз өмір жолдарымен және өзгеріс тәжірибелерімен бөліседі.

Айвар Аилхаятов – кәсіпкер, «ReStart» жобасының тәлімгері.
Ол ауыр кезеңнен өтіп, өз кәсібін ашқан, отбасын құрған және өмірге жаңа көзқарас қалыптастырған.
Тақырыбы: «Жауапкершілік, отбасы және жаңа бастау: мойымаудың күші»

Берік Әлпишев – қоғам қайраткері, блогер, «ReStart» жобасының сарапшысы.
ІІМ жүйесінің бұрынғы қызметкері, өмір сынақтарынан өтіп, қазір жастармен жұмыс істеп, құқық бұзушылықтың алдын алуға атсалысуда.
Тақырыбы: «Қателік – үкім емес. Өткеннен сабақ алып, болашаққа нық қадам басу»

Ашық форматтағы кездесу мен пікірталас кезінде қатысушылар сұрақтарын қойып, нақты өмірден алынған тәжірибелерді тыңдай алады.

Құқықтық блок және кеңес беру

Қоғамдық және әлеуметтік қолдау саласындағы заң нормалары

Пробациядағы азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Білім алу және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері

Құжаттарды қалпына келтіру, алимент, еңбек даулары және басқа мәселелер бойынша заңгерлік кеңестер

Отбасылық және әлеуметтік тренингтер

Отбасылық қатынастарды жақсарту бойынша тренингтер

Отбасының және жақын ортаның әлеуметтік бейімделудегі рөлі

«Әкелер ісі» қорының қатысуымен ерлердің, әкелердің жауапкершілігі мен үлгісі туралы сессия

Сенім мен даму кеңістігі

Іс-шара тренингтер мен практикалық жаттығулар түрінде өтеді. Әрбір қатысушы тек ақпарат қана емес, сондай-ақ моральдық қолдау мен сенім ала алады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «ReStart» – тек бір реттік жоба емес,
ұзақ мерзімді тәлімгерлік, қолдау және реинтеграция жүйесін қалыптастыруға бағытталған бастама.

Алдағы уақытта аймақтарда психологиялық клубтар, оқыту бағдарламалары және менторлар желісі іске қосылады.

Қатысуға шақырамыз!

Қоғамдық ақпарат қоры 6 қазанда сағат 15:00-де өтетін іс-шараға барша азаматтарды, мемлекеттік және қоғамдық ұйым өкілдерін, жастар мен еріктілерді қатысуға шақырады.
Бұл – жаңа мүмкіндіктер мен өмірлік шабыт алатын күн.

Байланыс нөмірі: +7 777 513 19 30