«Өрлеу Лизинг» бағдарламасы шағын, орта және микро бизнес өкілдеріне қаржылық лизинг арқылы отандық өндірістен шыққан жабдықтар мен техника сатып алуға қолдау көрсетеді.
Қаржыландыру лимиті:
- Лизингтік компаниялар арқылы — 1 млрд теңгеге дейін
- Микроқаржы ұйымдары арқылы — 20 000 АЕК-ке дейін
Егер кәсіпкер аванстық төлем жасаса, лизинг сомасы бұл лимиттерден асуы мүмкін.
Аванстық төлем:
- Лизинг затының кемінде 15%
- Валюта бағамының өзгеруіне байланысты аздаған ауытқуға рұқсат етіледі
Пайыздық мөлшерлеме:
- Қор шешімімен белгіленеді
- Жылдық мөлшерлеме 12,6%-дан аспайды
Мерзімі:
- Лизингтік келісімшарттың ең ұзақ мерзімі — 84 айға дейін
Бұл шарттар кәсіпкерлерге өз бизнесін сенімді дамытып, заманауи техника мен жабдықты қолжетімді жолмен иеленуге үлкен мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, негізгі қарызды және сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезеңдер қарастырылған.
Бұл – өз ісін жаңғыртқысы немесе кеңейткісі келетін кәсіпкерлер үшін нақты мүмкіндік.
Жобаға мемлекеттік қолдау бағдарламалары аясында қатысу мүмкіндігі туралы толық ақпарат алу үшін кәсіпкер жобаны іске асыру орны бойынша Қордың аймақтық филиалына жүгінуі қажет. Филиалдардың тізімі мен мекенжайлары Қордың сайтында орналастырылған: https://damu.kz/ru/.
Нақты мекенжайды нақтылау үшін 1408 нөмірі бойынша call-орталыққа хабарласа аласыз.
Кәсіпкерлікті дамыту қоры «Даму» тарапынан ұсынылатын қолдау шараларына қызығушылық танытқаныңыз үшін алғыс білдіреміз.
