«Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» қоршаған ортаны ластағаны үшін айыппұл салынады

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» компаниясының қызметінде заң бұзушылықтарды анықтады. (КПО), — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тексеру барысында қоршаған ортаға жалпы көлемі 264 тонна ластаушы заттардың шамадан тыс шығарындылары мен төгінділері фактілері анықталды.

Осыған байланысты кәсіпорын қоршаған ортаға рұқсат етілген антропогендік әсер ету нормаларын бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 328-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Жалпы сомасы 739 568 808 теңге айыппұл толығымен өндірілді», — делінген прокуратураның хабарламасында.

«Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» — Қазақстанның солтүстік-батысында орналасқан әлемдегі ең ірі газ конденсаты кен орындарының бірі Қарашығанақ кен орнын игеруді басқаратын халықаралық консорциум. КПО бес ірі мұнай-газ компаниясын біріктіреді: Eni S.p.A. (Италия) — 29,25 пайыз, Shell plc (Ұлыбритания/Нидерланды) — 29,25 пайыз, Chevron (АҚШ) — 18 пайыз, ЛУКОЙЛ (Ресей) — 13,5 пайыз және ҚазМұнайГаз (Қазақстан) — 10 пайыз.