Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Қазақстан аумағында тіркелген ұшқышсыз ұшу аппараттарына (дрондарға) қатысты мәлімдеме жасады.
19–20 маусым күндері Батыс Қазақстан облысы аумағында ондаған дронның ұшқаны тіркелген. Ресей тарапы бұл аппараттар Украинадан келіп, Ресей шекарасын бұзып кіруге ұмтылған дрондар деп отыр.
«Біз өзіміздің одақтасымыз әрі Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) мүшесіне қарсы бағытталған мұндай әрекеттерді қатаң айыптаймыз. Халықаралық қауымдастықты, сондай-ақ тиісті үкіметтік құрылымдарды бұл арандатушылық әрекеттерге назар аударуға және лайықты түрде жауап беруге шақырамыз», – деді Захарова.