«Кепіліңіз жоқ па? Онда шешім бар!»

Несиеге қол жеткізу — Қазақстан кәсіпкерлері үшін әлі де ең өзекті мәселелердің бірі. Көп жағдайда бизнестің дамуын тежейтін басты фактор — жеткілікті кепілдің болмауы. Өсуге, жаңғыртуға немесе ауқымын кеңейтуге әлеуеті бар кәсіпорындар қаржыландыру тапшылығына тап болып жатады. Алайда бұл түйткілдің нақты әрі тиімді шешімі бар — «Даму» қоры ұсынатын кепілдік тетігі.

«Даму» қорының кепілдігі дегеніміз не?
«Даму» қоры банк несиелері бойынша кепілдік беру арқылы қаржы институттарының тәуекелін төмендетіп, кәсіпкерлер үшін қарыз қаражатына қолжетімділікті арттырады. Егер қарыз алушының өз кепілі жеткіліксіз болса, қор несие сомасының 85 пайызына дейін өтеп, банк алдында кепілгер ретінде әрекет етеді. Бұл механизм кәсіпкер үшін де, банк үшін де тиімді шешім саналады.

Кепілдік алуға кімдер үміткер бола алады?
Бағдарлама жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарынан бастап шағын, орта және ірі бизнес өкілдеріне дейін кең ауқымды қамтиды. Негізгі талап — экономикалық тұрғыдан негізделген, даму әлеуеті бар бизнес-жобаның болуы. Кепіл мүлкінің жеткіліксіздігі қаржыландыру алуға кедергі емес.

Кепілдіктер қандай мақсаттар үшін беріледі?
«Даму» қорының кепілдігі келесі бағыттар бойынша берілетін несиелерді қамтиды:
Инвестициялық мақсаттар: жабдықтар сатып алу, өндірісті кеңейту, жаңғырту, коммерциялық жылжымайтын мүлік алу;
Айналым капиталы: шикізат пен тауарлар сатып алу, жеткізушілерге төлемдер, жалдау ақысы, салықтар және басқа да ағымдағы шығындар;
Қайта қаржыландыру: бұрын алынған несиелерді тиімді шарттармен қайта рәсімдеу.

Қор экономиканың барлық салаларындағы жобаларды қолдайды. Сонымен қатар стратегиялық маңызы бар бағыттарға басымдық беріледі.

Бағдарламаның негізгі шарттары
– Несиенің ең жоғары сомасы — 7 млрд теңгеге дейін;
– Қор кепілдігінің ең жоғары сомасы — 3,5 млрд теңгеге дейін;
– Кепілдік мерзімі — несиенің толық мерзімі бойына;
– Комиссия мөлшерлемесі — қалған кепілдік сомасының жылына 1,5 пайызы.

Неліктен бұл маңызды?
Нарықтағы орнын нығайтуды, өндірісті жаңғыртуды немесе бизнес ауқымын кеңейтуді көздеген кәсіпкерлер үшін кепіл мәселесі жиі басты тосқауылға айналады. «Даму» қорының кепілдік бағдарламасы осы шектеуді жоюға бағытталған. Ол банк несиелеріне жол ашып қана қоймай, елдегі кәсіпкерліктің дамуына, жаңа жобалардың іске асуына және тұрақты экономикалық өсімге серпін береді.