Атырау облысында республикалық маңызы бар «Атырау – Орал» автомобиль жолының 95–189 шақырым аралығындағы учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Учаскенің жалпы ұзындығы 94 шақырымды құрайды.
Жоба аясында келесі жұмыстар атқарылды:
– 18 шақырымда ірі түйіршікті асфальтбетоннан тегістеу қабаты төселді;
– 31 шақырымда суық жону әдісімен жол төсемі нығайтылды (ресайклинг).
Жалпы, орташа жөндеу жұмыстары жолдың пайдалану жағдайын жақсартуға, қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға және жол пайдаланушылар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
